Алты оқушыны көлігімен қағып кеткен жасөспірім туралы мәлімет
23 қыркүйек 2023 9:00 / Новости Казахстана
Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында алты оқушыны көлікпен қаққан жасөспірімнің мұғалімі оның әлеуметтік жағдайы, тәртібі мен оқу үлгерімі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан жариялады.
10-сынып оқушысы ағасының көлігін рұқсатсыз алып кеткен. Ол туған ағасының қамқорлығында. Өйткені 2011 жылы әкесінен, 2021 жылы анасынан айырылып, жетім қалған.
"Ағасы Райымбек аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет етеді. Оқушының еш оғаш қылығы болған емес. Спортпен айналысады, сабақтағы үлгерімі де, тәртібі де өте жақсы оқушы. Бұл бір жазым болып тұр", - дейді Тельман Жанұзақов атындағы орта мектептің директоры Мүтәліп Стыбеков.
Оқушы тіпті мектеп ішілік өзін-өзі басқару комитетіне сайлауға қатысқалы жүрген.
"Өзін-өзі басқару комитетіне ұсынылып, жақын күндерде сайлау өтеді деп жоспарлап жүр едік. Сайлауға кандидатурасын өзі ұсынды. Оқушының бойында жақсы қасиет көп, сыныптастарымен, мейлі кіммен болсын, қарым-қатынасы өте жақсы бала. Ата-анасының кенже ұлы. Марқұм анасын сондай қатты жақсы көретін, анасының да мейірімі бұл баласына ерекше еді", - дейді мектеп директоры.
Анасы өмірден өткенде мектеп психологтары баламен жұмыс істеген. Бала күйзеліске түспей, болашаққа ұмтылған жалындап тұрған оқушы дейді мұғалімдері.
21 тамыз 2026 18:17 / Новости Казахстана
Бас прокуратура: Сайлау күні бюллетень суретін жариялауға тыйым салынады
21 тамыз 2026 17:10 / Новости Казахстана
Құрылтай сайлауы күні Алматы тұрғындары қоғамдық көліктерде тегін жүре алады
21 тамыз 2026 16:25 / Новости Казахстана
Оңтүстік Кореяға жұмысқа баратын қазақстандықтар арнайы тест тапсырады
21 тамыз 2026 15:05 / Новости Казахстана
Алматы облысында жеке сот орындаушылары құмар ойындарға 180 миллион теңге жұмсаған
21 тамыз 2026 14:18 / Новости Казахстана
Елімізде волонтерлер саны 300 мыңға жақындады
21 тамыз 2026 13:22 / Новости Казахстана