«Алтын Дала» 2024 жылғы The Earthshot Prize сыйлығын жеңіп алды

7 қараша 2024 10:44 / Новости Казахстана
Фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қазақстанның дала экожүйелерін қорғауға бағытталған «Алтын Дала» бастамасы 2024 жылғы The Earthshot Prize экологиялық сыйлығының «Табиғатты қорғау және қалпына келтіру» номинациясында жеңіске жетті. ҚР Экология және табиғи ресурастар минитсрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл марапат Қазақстандағы киіктердің популяциясын қалпына келтіру мен ерекше қорғалатын аймақтарын кеңейту саласындағы елеулі жетістіктерді мойындады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Алтын Дала» бастамасы 2005 жылы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (АСБК), «Fauna & Flora International» ұйымы, Франкфурт зоологиялық қоғамы (FZS) және Корольдік құстарды қорғау қоғамы (RSPB) арасында ұзақ мерзімді серіктестік ретінде құрылды. Серіктестердің негізгі мақсаты – киіктердің популяциясын қалпына келтіру және Қазақстан далаларын сақтау.

Қорық аймақтарын құру мен кеңейту, сирек кездесетін түрлердің популяцияларын қалпына келтіру және браконьерлікке қарсы күрес бойынша ауқымды шаралар қолға алынған. Нәтижесінде, 2003 жылы 21 000 басты құраған Қазақстандағы киік популяциясы 2024 жылы 2,8 миллионға жетіп, әлемдегі сүтқоректілерді қалпына келтірудің ең табысты мысалдарының біріне айналды.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев: «Министрлік пен серіктестеріміздің ортақ күш-жігері әлемдік деңгейде танылғанына қуаныштымыз. Бұл марапат Қазақстандағы табиғатты қорғау бастамаларын кеңейтуге деген біздің ұстанымымызды нығайтады»,-деді.

«Алтын Дала» бастамасының тағы бір маңызды жетістігі – сирек және жойылып бара жатқан түрлердің, соның ішінде дала бүркіт, ақсұңқар және құланның популяцияларын қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар. Бұл жұмыс Қазақстанның Орталық өңіріндегі қорық аймақтарында белсенді түрде жүргізілуде. 2024 жылы құланның осы өңірге қайта әкелінуі бойынша жобаның сәтті аяқталғанын хабарланды.

 

 

Серіктес жаңалықтары