«Апалы-сіңлілі қыздар»: Қояндыда 2 оқушыны көлік қағып кетті
2 желтоқсан 2025 10:29 / Новости Казахстана
Ақмола облысының Қоянды кентінде екі оқушыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға бейнекамераға түсіп қалған. Видеодан қыздардың туысы жүргізушіге «Байқап жүрмейсің бе?!» деп айқайлап, күш қолдануға әрекеттенгенін көруге болады.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта бүгін таңертең 5 және 10-шы сыныпта оқитын апалы-сіңлілі қыздар сабаққа бара жатқанда жол апатына ұшырағаны айтылған.
Облыстық полиция департаменті жол апатына қатысты түсініктеме берді.
«1 желтоқсанда жүргізуші «Ниссан Премьера» автокөлігімен Қоянды кентінде жүріп келе жатып, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 2 кәмелетке толмаған баланы соғып кетті. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды», - дейді полицейлер.
Бұл факт бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.
23 қазан 2026 18:30 / Новости Казахстана
Тоқаев Назарбаев туралы сөз қозғады
23 қазан 2026 16:20 / Новости Казахстана
Анасы байқамай қалған: Түркістан облысында сәби сырға жұтып қойған
23 қазан 2026 15:30 / Новости Казахстана
Тибеттегі жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты
23 қазан 2026 14:28 / Новости Казахстана
2027 жылдан бастап Қазақстандағы барлық балабақша лицензия алуға міндеттеледі
23 қазан 2026 13:28 / Новости Казахстана
Әкесі мен баласы 77 бас жылқы ұрлады деген күдікке ілінді
23 қазан 2026 12:15 / Новости Казахстана