Апелляциялық алқа Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша сот қаулысын өзгеріссіз қалдырды
Блогер Ерболат Жанабыловтың ісі бойынша апелляциялық алқа шешім шығарды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Астана қаласының апелляциялық соты Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.
«Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 15 қыркүйектегі қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын. Апелляциялық шағымдар қанағаттандырылмасын. Қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді», — деді судья Жанна Нұрғалиева.
Нәтижесінде соттың бірінші шешімі заңды әрі негізді деп саналды.
Судья әкімшілік орган анықтамаған кейбір мән-жайлар қосымша зерттеуді және тексеруді қажет ететінін мәлімдеді.
«Жанабылов өткізген іс-шаралардың лотерея белгілері бар екені байқалады. Сондай-ақ ұтысқа қатысу құны мен қатысушылар саны туралы нақты деректер жоқ», — деді судья.
Осылайша, сот алдыңғы шешімді күшінде қалдырды. Енді Ерболат Жанабыловтың ісі қылмыстық іс ретінде қайта сараланып, тергеу жүргізілуі мүмкін.