“Әпкелі-сіңлілі 4 қызды зорлаған”: Павлодарда өгей әкенің жантүршігерлік қылмысы ашылды

27 маусым 2025 13:28 / Новости Казахстана

Павлодар облысында әпкелі-сіңлілі төрт қызды зорлады деген ер адамға сот үкімі шықты. Ол қыздардың өгей әкесі болған. Сот үкіміне сай Павлодар тұрғыны 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.

"Ирбис TV" мәліметінше, қылмыстық іс жабық режимде өтті. Тергеу өгей әкесі 2015-2017 жылдары алкогольге мас күйде 2001, 2003, 2006 және 2010 жылғы өгей қыздарын зорлап келгенін анықтады. Сот әр дерек бойынша сотталушының кінәсі дәлелденгенін мәлімдеді.

"2017 жылғы 11 шілдедегі редакциядағы ҚК 120 бабы, 4 бөлігінде қарастырылған құқықбұзушылықты жасағаны үшін ер адам кінәлі деп танылып, оған 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын", - деп сот үкімін оқыды Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Айтбаев.

Ер адам 2024 жылдың қарашасында ұсталған. Ол кезде ол екі қызды зорлағанын мойындаған. Бірақ сотта ол айтқанын жоққа шығарған.

Сот үкімі зардап шеккендердің, куәгерлердің, сонымен бірге сараптама қорытындыларының негізінде шығарылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қылмыс жасалғанына біраз болғанын, ал жаза бертін ғана қатаңдатылғаны ескеріліп, ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылу жазасынан құтылып кеткені де айтылды.

Серіктес жаңалықтары