Ақмола облысында абайсызда атылған оқ 64 жастағы ер адамның өмірін қиды

9 қыркүйек 2026 16:20 / Новости Казахстана

Ақмола облысында аңшылық кезінде қарудан атылған оқтан 64 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға 6 қыркүйек күні таңертеңөұ Қызылтан ауылының маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, алты адамнан құралған топ елік аулауға шыққан.

Аңды қаумалау кезінде аңшылардың бірі алда, екіншісі оның артында жүрген. Осы сәтте қарулы ер адам артқа қарай оқ атқан. Оқ 64 жастағы аңшыға тиіп, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Полицияның мәліметінше, аңшылыққа қатысушылардың қажетті рұқсаттары мен жолдамалары болған. Топ құрамында аңшылар, қорықшы, қаумалаушы және аңшылыққа қатыспаған тағы бір адам болған.

Құқық қорғау органдары ер адамның қаза болғанын растады. Алдын ала болжам бойынша, Көкшетау тұрғынына тиесілі аңшылық мылтықтан оқ кездейсоқ атылған.

Серіктес жаңалықтары