Ақмола облысында ғылымға бөлінген қаражат «күйіп кетті»

15 қаңтар 2026 15:33 / Новости Казахстана

Ақмола облысының прокуратурасы ғылымды дамыту және отандық өндірісті қолдау мақсатында бөлінген мемлекеттік гранттық қаражаттың жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тексеру барысында грант қаражатын тиімсіз пайдалану, жобалардың қайталануы, мемлекеттік мүліктің бүлінуі, сондай-ақ бастамалардың толық іске асырылмауы фактісі анықталды.

Бас прокуратура мәліметінше, бір жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметінде 295 млн теңге көлеміндегі гранттық қаражаттың тиімсіз пайдаланылғаны анықталған. Аталған қаражат зауыт салу және өнім өндіру мақсатында бөлінген. Бірақ тиісті шаралар жүргізілмеген.

Қазіргі уақытта бұл қаражатты сот тәртібімен мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр.

«Тағы бір жағдайда ғылыми орталықтардың бірінің лауазымды тұлғалары ғылыми зерттеулер аясында өндірілген 850 тоннадан астам тұқымдық астықты полигонға шығарып тастаған. Соның салдарынан мемлекетке 100 млн теңгеден астам залал келтірілген», — деп хабарлады Бас прокуратура.

Cалғыртық дерегі бойынша қылмыстыө іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары