Ақмола облысындағы 270 мектепке Starlink интернеті тартылады
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңірдегі 270 шағын мектепке Starlink интернеті тартылатынын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Майшұқыр ауылында қанатқақты жоба іске сырылып жатыр. Яғни, сынақтан өткізу сатысында. Біз одан әрі жылжып барамыз дегім келеді. Цифрландыру министрі Б.Мусин Ақмола облысына келген. Сол кезде меморандум жасалды. Яғни, Starlink жерсерік жүйесінен интернет тартудың қанатқақты жобасы Ақмола облысында басталады. Өңірдегі 270 шағын мектеп осы жүйенің жылдамдығы жоғары интернетіне жалғанады», - деді ол.
Әкімнің пайымынша, бұл өңірдегі орта білімнің сапасына оң ықпал ету керек.
«Осындай жиілі жоғары интернет орнатқаннан кейін «Қазақстан халқына» қорымен бірге ауыл мектептеріндегі оқу сыныптарын жабдықтамашымыз. Біздің ондағы оқушыларымызға Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері мен жоғары санатты педагогтер сабақ береді. Осындай цифрлық шешімнің арқасында, білім сапасы жақсарады. Оның үстіне біз шалғай ауылдардағы оқушыларды көрнекті спортшылармен, шығармашылық өкілдерімен сабақтан тыс сағаттар аясында тікелей байланыстырып, өскелең ұрпақтың тәрбиесін қолға алсақ дейміз», - деді Марат Ахметжанов