Ақмолалық абайсызда өзінің 1 жастағы қызын басып, мерт қылды

17 ақпан 2024 13:00 / Новости Казахстана

Ақмола облысының Целиноград ауданында 30 жастағы ер адам көлігімен абайсызда өзінің 1 жарым жасар қызын басып өлтіріп алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жазатайым оқиға бүгін 16 ақпанда сағат 09:00 шамасында Ақмол ауылында болды.

Бұл туралы сағат 10:46 Целиноград аудандық ПБ кезекші бөліміне 1,5 жасар баланы көлік басып кеткендігі туралы хабар түсті.

Toyota Estima көлігінің 30 жастағы жүргізуші Ақмол ауылындағы балабақша аумағында өзінің қызын басып кетті.

Әкесі қызына медициналық көмек көрсету үшін дереу Астана қаласына жеткізді. Алайда бала ауруханада көз жұмды.

«ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - дейді ПД баспасөз қызметі.

 

Серіктес жаңалықтары