Ақтауда анасының сөзіне ерген ер адам әйелінің қолын сындырған
11 қыркүйек 2026 12:07 / Новости Казахстана
Ақтау қаласында төрт баланың анасы күйеуінің соққыға жығып, қолын сындырғанын айтып, көмек сұраған. Бұл туралы адвокат Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Әйелдің айтуынша, оқиға 8 қыркүйек күні болған. Оның сөзінше, күйеуі қатты мас күйде үйге келген. Сол күні енесі әйелді күйеуіне жамандаған. Артынша ер адам әйелін тұншықтырып, қылғындырған.
«Өлетін шығармын деп ойладым. Қолын тістеп, қашып шықтым. Бірақ артымнан келіп, асүйде ұрып, тепкіледі», – деп баяндаған әйел.
Соққы салдарынан әйелдің қолы сынған. Қазір ол ауруханада ем алып жатыр. Әйел полицияға арыз жазып, күйеуінен ажырасатынын және алимент өндіруге өтініш беретінін айтқан. Оның төрт баласы бар. Балалары әзірге анасының қарауында.
23 қазан 2026 18:30 / Новости Казахстана
Тоқаев Назарбаев туралы сөз қозғады
23 қазан 2026 16:20 / Новости Казахстана
Анасы байқамай қалған: Түркістан облысында сәби сырға жұтып қойған
23 қазан 2026 15:30 / Новости Казахстана
Тибеттегі жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты
23 қазан 2026 14:28 / Новости Казахстана
2027 жылдан бастап Қазақстандағы барлық балабақша лицензия алуға міндеттеледі
23 қазан 2026 13:28 / Новости Казахстана
Әкесі мен баласы 77 бас жылқы ұрлады деген күдікке ілінді
23 қазан 2026 12:15 / Новости Казахстана