Ақтөбеде дәрігерді өлтірген күдікті ұсталды
Ақтөбе қаласында ер адам таныс әйелін өлтірді. Күдікті полицияға қарсылық көрсетіп, жаралап, көлікпен қашып кеткен жерінен ұсталды. Оқиға түнде болған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ақтөбе қаласы Маресьев көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінде пышақ жарақатын алған әйелдің денесі табылды, - деп жазады Kazinform агенттігі.
«Әйел адамның пышақ жарақаттары түріндегі зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар мәйіті табылды. Ұстау кезінде күдікті қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерін жарақаттап, оқиға орнынан көлікпен қашып кеткен. Қудалау кезінде күдікті бірнеше автокөлікті соғып, Ақтөбе-Болгарка жолында аударылды. Күдікті ұсталды. Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиевтің айтуынша, қаза болған әйел – дәрігер. Ол еңбек демалысында болған.