Ақтөбеде ферроқорытпа зауытының жұмысшылары жалақыға наразылық білдірді

21 қазан 2026 10:25 / Новости Казахстана

Олардың айтуынша, жұмыс көлемі артқанымен, еңбекақы үш жылдан бері өзгермеген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сондай-ақ жұмысшылар еңбек демалысына төленетін қаражаттың аздығына және демалысқа шығудың қиындағанына наразы.

«Қазхром» басшылығы жұмысшылармен кездесіп, олардың ұсыныстары мен өтініштерін қарауға қабылдағанын мәлімдеді.

Компанияның дерегінше, 2022 жылдан бері қызметкерлердің орташа жалақысы 79%-ға өскен.

Алдағы уақытта еңбекақыны көтеру мәселесі кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен мүмкіндіктеріне қарай қарастырылмақ.

Серіктес жаңалықтары