Ақтөбеде мешітте ер адам қызға интимдік қатынас үшін бір реттік некеге тұруды ұсынған
Ақтөбеде мешітте ер адам қызға интимдік қатынас үшін бір реттік некеге тұруды ұсынған, деп хабарлайды Arbat.Media Stan.kz-ке сілтеп.
Желіде тараған видеода бойжеткен ер адамның оны мешіттен шығармай қойғанын айтқан.
"Ол интимдік қарым-қатынас үшін "бір реттік некеге" тұру туралы ұсыныс айтты. Кейін мешітке және тиісті органдарға жүгіндім. Нәтижесінде бұл адамның ақыл-есі толық емес екені, "сары анықтамасы" бар екені және арнайы есепте тұрғаны анықталды. Өкінішке қарай, ол зиян тигізсе де, заң жүзінде жауапкершілікке тартылмайды. Сол себепті сіздерден өтінерім, ондай адамдардан аулақ жүріңіздер! Алла оның жүрегі мен санасына шипа берсін", – деп жазды бойжеткен.
Ал полиция мәліметінше, видео жан-жақты зерттеліп, ер
адамның кім екенін анықталып, бөлімшеге жеткізілді.