Ақтөбелік тұрғын тіс емдетуге төлеген 980 мың теңгесін қайтарып алды
22 шілде 2025 19:18 / Новости Казахстана
Ақтөбелік тұрғын тіс емдетуге төлеген 980 мың теңгесін қайтарып алды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ақтөбе қаласының тұрғыны тісін емдету үшін 980 000 теңге көлемінде тұтынушылық несиерәсімдеп, бұл соманы стоматологиялық клиникаға алдын ала толық төлеген.
Алайда, ешқандай стоматологиялық қызмет көрсетілмеген. Тіс емханасы жұмыстың басталғанын және материалдарға тапсырыс берілгенін айтып, ақшаны қайтарудан бас тартқан.
Осыған байланысты тұрғын Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгініп, құқықтық көмек алған. Мамандар талап арыз дайындауға көмектесіп, заң аясында әрекет ету жолдарын түсіндірген.
Нәтижесінде тіс емханасы төленген қаражатты толық қайтарды.
23 қазан 2026 18:30 / Новости Казахстана
Тоқаев Назарбаев туралы сөз қозғады
23 қазан 2026 16:20 / Новости Казахстана
Анасы байқамай қалған: Түркістан облысында сәби сырға жұтып қойған
23 қазан 2026 15:30 / Новости Казахстана
Тибеттегі жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты
23 қазан 2026 14:28 / Новости Казахстана
2027 жылдан бастап Қазақстандағы барлық балабақша лицензия алуға міндеттеледі
23 қазан 2026 13:28 / Новости Казахстана
Әкесі мен баласы 77 бас жылқы ұрлады деген күдікке ілінді
23 қазан 2026 12:15 / Новости Казахстана