Ақылы жолдардан 30 млрд теңгеден астам қаржы түсті
21 қаңтар 2024 0:56 / Новости Казахстана
Былтыр еліміздегі ақылы 17 жолдан 30 млрд теңгеден астам қаржы түсіпті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясынан мәлім етті.
«2023 жылы ақылы 17 жолдан жүргізушілер тарапынан 30 283 900 мың теңге ақша қаражаты түсті», - делінген компанияның агенттік сауалына берген жауабында.
Мекеме мәліметінше, аталған қаражат ақылы жолдарды күтіп ұстауға және ағымдық жөндеу жұмыстарына, ақы алу жүйесін күтіп ұстауға, инвестицияларды қайтаруға, жол пайдалану техникасы мен жабдықтар сатып алуға жұмсалады.
«Жылдық аудит есебі жүргізілгеннен кейін таза кіріс анықталады. Оның 80 пайызы республикалық бюджетке төленіп, қалған 20 пайызы жол саласын дамыту үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-та қалады», - деп нақтылайды компаниядан.
23 қазан 2026 18:30 / Новости Казахстана
Тоқаев Назарбаев туралы сөз қозғады
23 қазан 2026 16:20 / Новости Казахстана
Анасы байқамай қалған: Түркістан облысында сәби сырға жұтып қойған
23 қазан 2026 15:30 / Новости Казахстана
Тибеттегі жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты
23 қазан 2026 14:28 / Новости Казахстана
2027 жылдан бастап Қазақстандағы барлық балабақша лицензия алуға міндеттеледі
23 қазан 2026 13:28 / Новости Казахстана
Әкесі мен баласы 77 бас жылқы ұрлады деген күдікке ілінді
23 қазан 2026 12:15 / Новости Казахстана