Ақын Серікбай Әбілмәжін көз жұмды

23 сәуір 2026 17:48 / Новости Казахстана

Ақын, жазушылар одағының мүшесі Серікбай Әбілмәжін дүниеден озды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қаралы хабарды ақын Ұларбек Дәлейұлы Facebook парақшасында жариялады.

«Қадірлі бауырымыз, ақын Серікбай Әбілмәжін бүгін түсте Тайтөбе ауылында дүниеден өтті. Артында қалған ата-анасына, аға-бауырларына, отбасына сабыр тілейміз. Қосымша ақпарат алдағы уақытта жарияланады», – деп жазды Ұларбек Дәлейұлы.

Серікбай Әбілмәжін – қазақ поэзиясында өзіндік үні бар қаламгер. Ол 1984 жылы Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында дүниеге келген. 2008 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия факультетін тәмамдаған. 2015 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті филология бөлімінің магистратурасын бітірген. Бурабай ауданының мектептерінде мұғалім, Бурабай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры, аудандық «Бурабай» газетінің редакторы болып қызмет атқарған. Өлеңдері «Сарыарқа самалы» ұжымдық жыр жинағына, «Жыр маржаны» атты қазақ поэзиясының он томдық антологиясына енген. 2014 жылы «Хантәңірі» баспасынан «Үркертолғақ» атты жыр жинағы, 2021 жылы «Фолиант» баспасынан «Сарша тамыз» жыр жинағы жарық көрген.

Серіктес жаңалықтары