«АрселорМиттал Теміртаудың» Қазақстанда қанша кәсіпорны бар

29 қазан 2023 9:00 / Новости Казахстана

Қарағандыда Костенко атындағы шахтада болған өрттен 33 адам қаза болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

. Аталған шахта «АрселорМитталТеміртау» компаниясының меншігінде.

Екі ай бұрын компанияның «Қазақстан» шахтасында да апат болып, 5 кенші ажал құшқан.

Мемлекет басшысы Үкіметке «АрселорМитталТеміртаумен» инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Осы орайда Kazinform аталған компанияның Қазақстандағы өнеркәсіптеріне шолу ұсынады.

Компания 1995 жылғы қараша айынан бері Қазақстан аумағында жұмыс істейді.

1995 жылы 17 қарашада Қарағанды металлургия комбинаты «LNM Group» меншігіне өтіп, «Испат-Кармет» ААҚ ретінде жұмыс істей бастады.

2004 жылы «Испат-Кармет» ААҚ «Миттал Стил Теміртау» АҚ болып өзгертілді және 2007 жылы – «Миттал Стил Теміртау АҚ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ болып өзгертілді.

1996 жылы маусымда компанияның Көмір департаменті құрылды және жылына 7 млн тоннадан астам кокстелетін көмір өндіру қуаттылығына ие болды.

Қазіргі уақытта бұл департаментте Қарағанды облысындағы 8 көмір шахтасы бар.

Олар: Абай (1961 ж.), Саран (1955 ж.), Қазақстан (1969 ж.), Шахтинск (1973 ж.), Тентек (1979 г.), Костенко атындағы (1934 ж.), Ленин атындағы (1964 ж.) және Күзембаев атындағы (1959 ж.) шахталар.

Компанияға «Восточная» орталық кен байыту фабрикасы да тиесілі. Фабрика 1980 жылы пайдалануға берілген, жобалық қуаты – жылына 6 миллион тонна көмір және Қазақстан Республикасының ірі көмір өңдеу кәсіпорны болып саналады.

Қазіргі уақытта бұл фабрика «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір шахталарында өндірілетін КЖ, К және КО маркалы байытылуы қиын көмірді қайта өңдейді.

Зауыт жұмыс істеген уақыт аралығында 123 млн тоннадан астам көмір өңделіп, 63,3 млн тонна кокс концентраты шығарылған.

Оған қоса, Қарағанды облысының аумағында (Қарағанды, Саран, Абай, Шахтинск) орналасқан жер үстіндегі қосалқы кәсіпорындары бар: «Тау-кен машиналары» зауыты; «Көмірсервис» мамандандырылған шахтамонтаждау-жөндеу кәсіпорны; «Мамандандырылған шахтамонтаждегазация» басқармасы; Технологиялық көлік, шахта құрылысы, «Энергокөмір» және тиеу-көлік басқармалары, Қарағанды көмір энергия зауыты және басқалары.

Орталық және Солтүстік Қазақстанда компанияның темір рудалы 4 кәсіпорны бар. Кәсіпорындар Лисаковск, Кентөбе, Атасу, Атансор және 2 жылу-энергети орталықтарында («Пауэр Нетворкс» ЖШС және «Энергокөмір» ПУ) кен орындарында темір кенін өндіреді, өңдейді және байытады.

«АрселорМиттал» компаниясының құбыр басқармасында «ArcelorMittal Tubular Products Aktau» АҚ зауыты бар. Бұл зауыт – Қазақстандағы үлкен диаметрлі болат құбырлардың жалғыз өндірушісі.

 

Серіктес жаңалықтары