Аша Матай мен Тамара Асар депутат болмайтын болды

24 тамыз 2026 17:18 / Новости Казахстана

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Нәтижеге сәйкес, Қазақстан Халық партиясы қажетті 5 пайыздық межені еңсере алмай, 3,11 пайыз дауыс жинаған.

Сайлаушылар тізіміне 12,6 миллионнан астам азамат енгізілсе, оның 9,3 миллионы дауыс берген. Осылайша сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 74,08 пайызды құрады.

Алдын ала есеп бойынша, «Әділет» партиясы 71,17 пайыз дауыспен көш бастады. Одан кейін «Ауыл» – 6,26 пайыз, Respublica – 5,56 пайыз, «Ақ жол» – 5,21 пайыз және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,11 пайыз көрсеткішпен орналасты.

Қазақстан Халық партиясын 285 395 сайлаушы қолдаған. Бұл жалпы дауыстың 3,11 пайызы. Ал «Байтақ» партиясы 1,07 пайыз, «Бәріне қарсы» нұсқасы 2,51 пайыз дауыс жинады.

Айта кетейік, сайлау алдында Қазақстан Халық партиясының тізіміне тележүргізуші Аша Матай мен әнші Тамара Асар да енген болатын. Алайда Құрылтайдағы мандаттарды бөлуге кемінде 5 пайыз дауыс жинаған партиялар ғана қатысатындықтан, партияның тізіміндегі кандидаттар, соның ішінде Аша Матай мен Тамара Асар да депутаттық мандатқа ие бола алмайды.

Серіктес жаңалықтары