Аша Матай саясатқа бет-бұрды

8 шілде 2026 15:14 / Новости Казахстана

Қазақстан Халық партиясы бүгін кезектен тыс съезінде Құрылтай сайлауына арналған кандидаттар тізімін бекітті. Партиялық тізімге барлығы 72 адам енді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Кандидаттардың арасында 15 адамның депутаттық тәжірибесі бар. Тізімге VIII сайланған Мәжілістің төрт депутаты – Асылбек Нұралин, Кенжегүл Сейтжан, Ислам Сұңқар және Ирина Смирнова кірді. Сонымен қатар бұрын Сенат депутаты болған Ләззат Сүлеймен де бар.

Сондай-ақ, бұл партия атынан Құрылтай сайлауына қатысатындардың арасында халық әртісі Тамара Асар, актриса Венера Нығматулина, тележүргізуші әрі әнші Ақбота Асқарбекова (Аша Матай) бар. Депутаттық мандатқа не үшін үміткер болып отырғанын сұраған журналистерге әнші Аша Матай бұл қадамын нақты саяси бағдарламамен емес, “жүрегінің қалауымен жасадым” деп түсіндірген.

Айта кетерлігі, партияның бұрынғы белді өкілі Магеррам Магеррамов бұл жолғы тізімге енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары