Астанада 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
11 желтоқсан 2023 3:30 / Новости Казахстана
Астанада 0-9 сынып оқушылары сабақты онлайн оқитын болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Астана білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Ара райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады" делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда қаласында ауа райының қолайсыздығынан төменгі сынып оқушылары қашықтан оқитынын жазған едік.
Бұл жөнінде Қызылорда қалалық білім бөлімі мәлім еткен еді.
"Қызылорда қаласы бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты ертең, 11 желтоқсанда 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқытылады. Бұл шешім қаладағы 56 мектеп пен жеке мектептердің бастауыш сыныптарына қатысты", - деп жазылған хабарламада.
23 қазан 2026 18:30 / Новости Казахстана
Тоқаев Назарбаев туралы сөз қозғады
23 қазан 2026 16:20 / Новости Казахстана
Анасы байқамай қалған: Түркістан облысында сәби сырға жұтып қойған
23 қазан 2026 15:30 / Новости Казахстана
Тибеттегі жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты
23 қазан 2026 14:28 / Новости Казахстана
2027 жылдан бастап Қазақстандағы барлық балабақша лицензия алуға міндеттеледі
23 қазан 2026 13:28 / Новости Казахстана
Әкесі мен баласы 77 бас жылқы ұрлады деген күдікке ілінді
23 қазан 2026 12:15 / Новости Казахстана