Астанада төбелескен мектеп оқушылары арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
Полиция елордадағы мектептердің бірінде болған оқушылар арасындағы төбелеске қатысты пікір білдірді. Төбелес құрамында болғандар арнайы білім беру ұйымына ауыстырылуы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Астанадағы оқу орындарының бірінде мектеп оқушыларының төбелескені турады ақпарат тарады.
Оқушылардың ата-аналары мектеп әкімшілігі жоғары сынып оқушыларының телефондарынан бейнежазбаларды өшіруге тырысқан болуы мүмкін деп мәлімдеген. Осыған байланысты Білім басқармасы мектеп әкімшілігіне сөгіс жарияланғанын, ал төбелеске қатысқан оқушылардың ата-аналары жауапкершілікке тартылғанын хабарлаған еді.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмағандар арасындағы бұл төбелес қаңтар айында болған. Содан кейін қылмыстық іс қозғалған.
«Оқиғаға қатысқан барлық тұлғалар анықталды. Іс бойынша қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізілді.
Жанжалға қатысушылардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мектеп қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ мектепте профилактикалық кеңес өткізіліп, кәмелетке толмағандар мектепішілік есепке алынды», деп хабарлады полиция.