Астанада жылу ақысы қалай есептеледі

28 қыркүйек 2024 11:00 / Новости Казахстана
Фото: Pixabay.com

«Астанаэнергосбыт» ЖШС жылумен қамтуға нақты қосылған күннен бастап есептеу жүргізеді. 24 қыркүйектен бастап Астанадағы тұрғын үйлерді жылумен жабдықтауға кезең-кезеңімен қосу басталды, ол бірнеше күн ішінде жүзеге асады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Компанияның хабарлауынша, есептеу екі түрде болуы мүмкін – үйдегі есептеу құрылғылары бар және олар жоқ жағдайда:

- үйде есепке алу құрылғылары болса, олардың көрсеткіштері бойынша пәтердің ауданына пропорционалды және жылумен жабдықтау қосылған күннен бастап жүргізіледі. Бұл жағдайда тариф 3 557,60 теңге/Гкал құрайды (ҚҚС қоса алғанда);- тұрғын үйлерде есепке алу ұүрылғылары немесе уақытша жұмыс істемейтін есепке алу құрылғылары болмаған жағдайда – есептеу Астана қаласының тұрғын үй қорын жылытуға арналған сыртқы ауаның нақты температурасына және нақты қосылған күн үшін түзетілген тұтыну нормалары негізінде жүргізіледі. Есептеу аспаптары жоқ үйлер үшін тариф 4 279,64 теңге/Гкал (ҚҚС қоса алғанда).

Коммуналдық жылу энергиясын есепке алу құрылғыларын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ ескі, апатты тұрғын үй-жайлардың, барак типті үйлердің тұрғындары үшін тариф – 3 566,37 теңге/Гкал (ҚҚС қоса алғанда).

Е

Серіктес жаңалықтары