Астанадағы балабақшада бүлдіршін қатарласын соққыға жықты
13 қазан 2025 10:31 / Новости Казахстана
Астана тұрғыны баласының балабақшада өзге тәрбиеленушілердің тарапынан соққыға жығылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Анасының айтуынша, тәрбиешілер шағымдарға назар аудармай, болған жағдайды «балалардың ойыны» деп түсіндірген.
«9–15 қыркүйек аралығында екі бала ұлымның басынан аяқ киіммен ұрып, мазақ етіп, ауынан тепкіледі (сүндетке отырғызылғанына бір ай да болмаған), буындырып, дем ала алмай қалған сәттері бейнежазбада көрінеді. Сондай-ақ оны қатты ұрған», – деді жәбірленуші баланың анасы.
Оқиғадан кейін бала ұйықтай алмай, психологиялық жарақат белгілері байқалған.
Ата-анасы полицияға шағым түсірді. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Балабақша басшылығы баланың жыламағанын және жарақат алмағанын алға тартты.
28 қазан 2026 14:21 / Новости Казахстана
Трамп Тоқаевпен кездесуді асыға күтіп жүргенін айтты
28 қазан 2026 13:24 / Новости Казахстана
Астанадағы балабақшада 1,5 жасар бала күйіп қалған
28 қазан 2026 12:28 / Новости Казахстана
Астанада полицейлерден скутермен қашқан жасөспірім ұсталды
28 қазан 2026 11:19 / Новости Казахстана
Діни ұстаз жасөспірімдерге зорлық көрсетті деген күдікке ілінді
28 қазан 2026 10:10 / Новости Казахстана
Петропавлда белгісіз сұйықтық ішіп уланған үш ер адам да көз жұмды
28 қазан 2026 9:12 / Новости Казахстана