Астанадағы түнгі клубта 18 жастағы жігітті өлтіріп кетті

29 желтоқсан 2025 9:29 / Новости Казахстана

Астанадағы түнгі клубта 18 жастағы жігітті өлтіріп кетті. Жігіт пышақ жарақатынан көз жұмған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жантүршігерлік оқиға туралы куәгерлер әлеуметтік желіде жазды.

“Жұмадан сенбіге қараған түні елордалық ойын-сауық орындарының бірінде Семей қаласының 18 жастағы тұрғыны пышақ жарақатынан көз жұмды. Клуб маңында полиция көптеп жиналып, келушілер эвакуацияланды”, – деп жазды куәгерлер.

Желі қолданушылары 2Gis-те түнгі клубтың жабылуын талап етіп жатыр.

Сондай-ақ қазақстандықтарды түнгі клубың болған жағдай елеместен жұмысын жалғастырып жатқаны ашуландырды.

“Клуба 18 жастағы жігіт көз жұмды, ал олардың парақшалары stories жариялап отыр. 2GIS платформасында қызметкерлердің өздері жағымды пікірлер жазып, жағымсыз пікірлерді төменге түсіруге тырысып жатыр”, – деп жазды желі қолданушылары.

Серіктес жаңалықтары