Атбасарда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Ақмола облысының Атбасар қаласында полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, полиция іс қозғады. Жол-көлік оқиғасы тамыздың 18-де түнгі сағат 02:50 шамасында болған. «Атбасар қаласында жаяу адамды көлік қағып кетті, ол алған дене жарақатынан мерт болды. Оқиғаға қатысы бар жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді ведомстводан, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі жариялады.
Әлеуметтік желіде тараған жазбада күдікті 2013 жылдан бері полиция қызметкері болып жұмыс істеген.
ПД баспасөз қызметі кінәлі жүргізушінің полиция қызметкері болып істегенін растап отыр.
«Ол ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Барлық сараптама тағайындалды және тергеу Ақмола облысы ПД басшылығының бақылауында», - деді ведомство.