Әуежайда маймыл шешегін жұқтырғандарды анықтау дайындығы пысықталды
Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық қызметі Астана және Алматы халықаралық әуежайларында маймыл шешегі сияқты карантиндік және аса қауіпті инфекция белгілері бар адамдарды анықтау бойынша оқу-жаттығу өткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оқу-жаттығу кезінде санитариялық-эпидемиологиялық, шекаралық, кедендік, сондай-ақ әуежай, желілік полиция бөлімі, әуежайдың медициналық пункті, жедел медициналық көмек және медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылы пысықталды.
Оқу-жаттығу барысында шартты түрдегі маймыл шешегін жұқтырған науқас анықталды. Персонал жолаушыдан ауру белгілерін анықтаудан бастап оны ауруханаға жатқызуға және қажетті эпидемияға қарсы және дезинфекциялық шараларды жүргізуге дейінгі іс-шаралардың толық циклін өткізді.
Шара нәтижесінде семинар-кеңес өткізіліп, онда әр қызметтің іс-қимылы талқыланып, мекемелердің өзара іс-қимылын күшейту бойынша ұсыныстар енгізілді.