Ауылдағы тұрғындарды медсақтандыру бюджет есебінен болады

9 қазан 2023 20:00 / Новости Казахстана

Депутат Ерлан Саиров медициналық қызметке жүгінуге мәжбүр 3 млн-нан астам адам сақтандыру жүйесінен тыс қалғанын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

3,3 млн адам медициналық сақтандырудан тыс қалған адамдардың басым көпшілігі ауылда тұрады. Скрининг, медициналық тексерумен қамтылмайды.  Жыл сайын елімізде әлеуметтік әділетсіздік асып бара жатыр.

Ал Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният тиісті заң 5 жыл бұрын енгізілген кезде, әр азамат міндетті әлеуметтік жүйеге кіруі тиіс екенін айтты.

Қазір 3 млн-нан астам адам осы жүйеге кірмей отыр. Отбасылық цифрлық карта бойынша жүйеге кімдер енбегенін қарап, талдау жасадық. Бұл тұрғыда осы адамдардың арасында 800 мыңының жағдайы жақсы екені көрініп тұр. Яғни цифрлық карта арқылы баспанасы, тұрақты табысы бар осы адамдар жүйеге кірмей отыр. Бұл ретте, 2025 жылдан бастап әр азамат міндетті салықтық декларациясын тапсырған кезде, оларды тартуға болады.

1,5 млн адамның табысы тым аз және олардың басым бөлігі ауылда тұрады. Осы адамдарды сақтандыру бюджет есебінен болсын деген ұсыныс енгіздік. Бұл тақырыпты Парламентте, Үкіметте, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарда талқылаймыз. Алдын ала есеп бойынша осы адамдарды қамту үшін 80 млрд теңге қажет болады, - деді Ажар Ғиният.

Автор
Серіктес жаңалықтары