“Автобус апаты”: Аяғынан айырылған қызға 20 млн-ға жуық қаражат беріледі
Астанадағы автобус апатынан зардап шеккен балаға 19,6 млн теңге сақтандыру төлемі берілмек, деп хабарлайды Arbat.Media.
Астана қаласында болған жол-көлік оқиғасына байланысты зардап шеккен жандарға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.
“Апат салдарынан аяғы кесілген 8 жасар қыз баланың отбасына автобус паркінің сақтандыру полисі есебінен 19,6 млн теңге көлемінде сақтандыру төлемі төленеді. Қазіргі таңда заң шеңберінде тиісті рәсімдер жүргізіліп жатыр. Қосымша автобус паркі тарапынан 10 млн теңге шамасында демеушілік көмек көрсету туралы шешім қабылданған. Отбасы Ақмола облысынан болғандықтан, емделу және оңалу кезеңінде уақытша баспана жалдау бойынша көмек берілген. Сонымен қатар ауруханада жатқан екі науқас та сақтандыру төлемін алады. Оларға өзге де әлеуметтік-психологиялық қолдау шаралары көрсетіліп жатыр”, - делінген хабарламада.
Зардап шеккен баланың жағдайы тұрақты, бейінді бөлімшеге ауыстырылған.