“Бала өлімінен кейін”: Шымкент әкімі аудан әкімін қызметінен босатты
17 сәуір 2025 9:43 / Новости Казахстана
Шымкенттің Қаратау ауданындағы Тұран шағынауданында алты жасар бала су жиналған шұңқырға құлап, көз жұмғаннан кейін аудан әкімі қызметінен кетті, деп хабарлайды Arbat.media.
Қайғылы оқиға 12 сәуір күні №10 көшеде орын алған. Осы оқиғаға байланысты қала әкімдігі бірқатар лауазымды тұлғаларға тәртіптік шаралар қолданғанын мәлімдеді.
Энергетика және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысына қатаң сөгіс жарияланды. Қаратау ауданының әкімі Рахманбек Мүлкеманов атқаратын қызметінен босатылды.
Сондай-ақ күтіп-ұстау және абаттандыру жұмыстарымен айналысқан мердігер ұйымдардың басшыларына қатысты тергеу жүргізілуде. Іс материалдары тергеу аяқталған соң сотқа жолданады.
11 қыркүйек 2026 18:15 / Новости Казахстана
Тоқаев Ақмола облысының экс-әкімін Малайзияға елші етті
11 қыркүйек 2026 17:42 / Новости Казахстана
Қарағанды облысын алапат өрт шарпып жатыр
11 қыркүйек 2026 16:10 / Новости Казахстана
Қазақстанда 10 мыңнан астам адамның жүргізуші куәлігін қолдануы тоқтатылды
11 қыркүйек 2026 15:23 / Новости Казахстана
Мөлдір Мұқан су жаңа пәтер алды
11 қыркүйек 2026 14:25 / Новости Казахстана
Шымкентте ер адамды 5 жастағы баласының көзінше өлтіріп кеткен
11 қыркүйек 2026 13:17 / Новости Казахстана