Балаларды әлеуметтік желіден шектеу қалай реттелетін болады

7 қазан 2026 17:17 / Новости Казахстана

Үкімет қолданыстағы заңға 16 жасқа дейінгі балаларды онлайн-платформаларда тіркеуді реттеуге байланысты түзетулер әзірледі. Қазір Құрылтай тиісті түзетулерді қарап жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Құжат қабылданғаннан кейін онлайн-платформаны пайдаланушылардың жасын растаудың арнайы қағидалары әзірленбек. Бұл туралы Премьер-министр депутаттардың сауалына берген жауабында айтты.

«Оны әзірлеу барысында онлайн-платформалардың қолданылып жүрген тетіктері, жасанды интеллект көмегімен сәйкестендіру, қаралатын контент пен пайдаланушының белсенділігі ескеріледі. Бүгінгі таңда онлайн-платформаларда тиісті технологиялық мүмкіндіктер бар. Жаңа талаптардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында аталған норманы қолданысқа енгізу үшін өтпелі кезең көзделеді. Он алты жасқа дейінгі онлайн-платформаны пайдаланушылардың қолданыстағы аккаунттарын уақытша тоқтату қаралатын болады», – деді Олжас Бектенов.

Нормативтік-құқықтық акт елдегі онлайн-платформа өкілдіктерімен бірге талқыланбақ. Сондай-ақ шектеулерді енгізудің нақты механизмдері депутаттармен бірлескен жұмыс топтарында толық пысықталады.

Серіктес жаңалықтары