“Баласының көзінше”: Астанада ер адам әйелін айуандықпен өлтіріп, өзі 25 қабаттан секіріп кетті
20 маусым 2025 16:29 / Новости Казахстана
Астанадағы элиталық тұрғын үй кешенінде жан түршігерлік оқиға болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
36 жастағы азамат жанжал кезінде азаматтық некедегі әйеліне пышақ салып, артынша көпқабатты үйдің ең жоғары қабатынан секіріп кеткен. Ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген күдікті қазір тәртіп сақшыларының бақылауында.
Қайғылы оқиға 19 маусым күні күндіз болған. Пәтер ішіндегі жанжалға балалардың бірі куә болған. 33 жастағы әйел оқиға орнында жан тапсырды. Екі ұл – 7 және 10 жастағы балалар анасынан айырылып қалды. Желіде тараған деректерге қарағанда, отбасылық жанжалдың түп-төркіні — қаржы мәселелері болуы мүмкін.
Қазір қылмыстық іс қозғалды. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
23 қазан 2026 18:30 / Новости Казахстана
Тоқаев Назарбаев туралы сөз қозғады
23 қазан 2026 16:20 / Новости Казахстана
Анасы байқамай қалған: Түркістан облысында сәби сырға жұтып қойған
23 қазан 2026 15:30 / Новости Казахстана
Тибеттегі жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты
23 қазан 2026 14:28 / Новости Казахстана
2027 жылдан бастап Қазақстандағы барлық балабақша лицензия алуға міндеттеледі
23 қазан 2026 13:28 / Новости Казахстана
Әкесі мен баласы 77 бас жылқы ұрлады деген күдікке ілінді
23 қазан 2026 12:15 / Новости Казахстана