"Балық жеп, аяқ-қолынан айырылған”: Келіншек өмірдегі өкінішін айтты

6 мамыр 2025 21:13 / Новости Казахстана

Балық жеп, аяқ-қолынан айырылған келіншек Бота Бурханова Жанар Байсемізге қонаққа келіп, өз оқиғасын баяндап берді, деп хабарлайды Arbat.media El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ол балықты базардың алдынан алғанын айтады. Кептірілген балыққа қатты қызыққаны соншалық үйіне әкеліп балаларына бермей өзі жеген.

“Балықты жеген соң, ертеңіне дене қызуым көтеріліп, құса бастадым. Бірақ қатты мән бермедім. Келесі күні жағдайым тіптен нашарлады. Аяқ-қолдарым істемей қалды. Осылай реанимациядан бір-ақ шықтым. Ауруханада елестерді көп көріп, жағдайым кері кетті. Дәрігерлер мені «өледі» деп ойлаған. Туыстарыма да солай айтқан. Менің аяқ-қолдарым қап-қара болып көгеріп кеткен. Олар қолдағы тамырды таппай, мойын тұсымнан плазма жіберді, наркоз жіберді. Осыдан соң, менің миым толықтай істемей қалған, - дейді Бота.

Оның айтуынша, ажалдан арашалап қалған анасының дұғалары.

Мен аурухана түскеннен кейін, анам Египеттен үш күннен кейін келді. Оған да дәрігерлер «қызыңыздан үміт жоқ» десе керек. Дәрігерлерге ұрысыпты. Жағдайым қатты нашарлаған соң өзімен ала келген зәмзәм суымен жуындырып, дұға оқи беріпті. Былайша айтқанда анам мені өлімнен алып қалды, - дейді Бота.

Елдегі дәрігерлерден қайыр болмаған соң, Ботаны туыстары шұғыл Түркия еліне апарады. Ол жақта дәрігерлер аяқ-қолдарын кескен.

Алақанымды тірілту үшін, ішімке кесіп, біріктіріп тігіп қойған. Ал аяқтарыма 11 сағат ота жасады. Қатты қарайып кеткендіктен кесуге тура келді, - дейді Бота.

Серіктес жаңалықтары