Баян-Өлгейде Қазақстан консулдығы ашылады
Баян-Өлгейде Қазақстан консулдығы ашылады, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзге де саладағы ықпалдастығымызды одан әрі арттыруға келістік. Атап айтқанда, біз Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесін ашу туралы өзара келісімге келдік», – деді Мемлекет басшысы.
Жалпы, сапар барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды.
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-саттық көлемі былтыр 130 миллион доллар болып, 7,7 пайызға өсті.
«Осы орайда алдағы бірнеше жылда тауар айналымын 500 миллион долларға жеткізу жөнінде меже қойып отырмыз. Ол үшін, ең алдымен, сауда-саттықтағы тауар түрін кеңейтуіміз керек. Экономикалық ықпалдастықты тежейтін кедергілерді барынша азайту қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.