Баянауылда прокуратура қызметкері өзіне қол жұмсады
1 мамыр 2024 13:00 / Новости Казахстана
29 жасар азамат пәтерінде өлі күйінде табылды. Облыстық прокуратура аталған оқиға бойынша полиция органдары тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Баянауыл аудандық прокурорының көмекшісі пәтерінде өлі күйінде табылды. Алдын ала дерек бойынша ол өзіне-өзі қол жұмсаған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Павлодар облыстық прокуратурасы аталған фактіні растады, - деп жазады Kazinform агенттігі.
«Баянауыл аудандық прокуратурасы қызметкерінің өліміне қатысты облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1–тармағы бойынша (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», - деп хабарлады өңірлік прокуратураның баспасөз қызметінен.
Қайтыс болған азаматтың соңында екі баласы мен әйелі қалды.
\
12 тамыз 2026 18:08 / Новости Казахстана
Павлодарда әйел жаңа туған қызын 800 мың теңгеге сатпақ болған
12 тамыз 2026 17:25 / Новости Казахстана
Алматы тұрғындары тағы да жер сілкінісін сезді
12 тамыз 2026 16:17 / Новости Казахстана
Мемлекет басшысы елге еңбегі сіңген азаматтарды марапаттады
12 тамыз 2026 15:21 / Новости Казахстана
Халықаралық іздеуде болған қазақстандық Оңтүстік Кореяда ұсталды
12 тамыз 2026 14:03 / Новости Казахстана
Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады
12 тамыз 2026 13:21 / Новости Казахстана