Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелімен ажырасып кеткені рас па?

18 маусым 2025 20:35 / Новости Казахстана

Продюсер Мөлдір Мұқанова жас орындаушы Амантай Әбенмен бірге дуэт жазып, жаңа ән ұсынды, деп хабарлайды Arbat.Media SMARTNEWS.KZ басылымына сілтеме жасап.

«Арамызда қалсын бәрі» деп аталатын туындының бейнебаяны Instagram парақшасында жарияланды.

"Арамызда қалсын бәрі… Бұл өнер. Жүрек пен шабыттың үндескен шағы. Сырт көзге жай ғана дуэт көрінгенімен, бұл мен үшін өнердің өрісі. Оқырманым, қолдау деген үлкен шабыт", — деп жазды ол бейнебаянның сипаттамасында.

Желі қолданушылары әншінің бұл қадамын құптап, жылы лебіздерін жаудырып жатыр. Сонымен қатар, Мөлдір Мұқанова дуэттегі әріптесі жайлы сұрақ көбейгенін айтып, тыңдармандарымен бөлісті:

"Оқырмандарымның ойын сан-саққа жіберген жігітті белгілеп қояйын", — деді ол Амантай Әбеннің парақшасына сілтеме жасап. Ал оқырмандар мұндай шығармашылық бетбұрысты әртүрлі қабылдады.

«Ажырасқан сияқты ғой?», «Керемет Мөлдір ханым. Әр әйел өз арманын орындап бақытты болуға лайықты өнеріңіз өрге жүзе берсін. Тұрсынбек ақымақ талай саусағын шайнайтын болады әлі. Жүрегім ауырып жылағым кеп отыр, осы неге еркектер келте ойлайды?», «Тұрсынбек не дейді екен», «Майғазиевтің тойына Мөлдір жалғыз келді, сол кезде көбісі сұрады «Тұрсынбек қайда? Ажырасып кеткен бе?» деп. Енді түсінікті», «Мына бала Тұрсынбектің жас кезіне ұқсайды екен», «Ән хит болсын. Не десеңдер де еркексіз әйел қаңғып қалмайды. Ал еркек күйі кеткесін балаларын сылтау қылып айналып келіп сені жағалайды. Ал кететін кезде сол балаларды да керек қылмай ештеңеге қарайламай кетеді», – деп жазды олар.

Серіктес жаңалықтары