Белгілі видеограф 13 жастағы баланы зорлады деген күдікке ілінді

27 қараша 2025 11:46 / Новости Казахстана

Маңғыстауда видеограф 13 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді. Ол жергілікті пабликтер мен Ақтау әкімдігі үшін видеороликтер түсірген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оның желідегі аккаунттары бірнеше апта бұрын жоғалып кеткені айтылды. Ал оның танысы видеографтың кәмелетке толмаған балаларға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттерге қатысты арыз бойынша қамауға алынғанын айтқан. Бұл балалар видеографтан видео түсіруді үйреніп жүрген.

Полиция ақпаратты растады. 4 қарашада құқық қорғау органдарына арыз түскен. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті анықталып, ұсталды. Сот шешімімен екі айға уақытша тергеу изоляторына қамалған.

Полициятергеу және процессуалдық шараларды толық көлемде жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып, арыздағы деректер тексеріліп, қажет сараптамалар тағайындалды.

Зардап шеккен бала 13-те, күдікті 29 жаста.

Серіктес жаңалықтары