Бір-бірімен таныс 12 қазақстандық сотталып кетті
1 маусым 2025 11:45 / Новости Казахстана
Діни-экстремистік ұйымның әрекетін ұйымдастырды және оған қатысы бар деген айыппен 12 қазақстандық сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Тергеу барысында сотталғандар Қазақстан аумағында діни алауыздықты қоздыру, террористік және экстремистік идеологияны тарату мақсатын көздеп, сондай-ақ, жаңа адамдарды тартумен айналысқаны анықталды.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оларды 9 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырды.
"Сотталғандардың көбі бұрын ауыр қылмыстар, соның ішінде полиция қызметкерін өлтіргені, қарақшылық жасағаны, тонағаны, адам ұрлағаны және есірткі заттарын өткізгені үшін сотты болған", - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.
23 қазан 2026 18:30 / Новости Казахстана
Тоқаев Назарбаев туралы сөз қозғады
23 қазан 2026 16:20 / Новости Казахстана
Анасы байқамай қалған: Түркістан облысында сәби сырға жұтып қойған
23 қазан 2026 15:30 / Новости Казахстана
Тибеттегі жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты
23 қазан 2026 14:28 / Новости Казахстана
2027 жылдан бастап Қазақстандағы барлық балабақша лицензия алуға міндеттеледі
23 қазан 2026 13:28 / Новости Казахстана
Әкесі мен баласы 77 бас жылқы ұрлады деген күдікке ілінді
23 қазан 2026 12:15 / Новости Казахстана