Бишімбаевтың көз жасы: сотта жаңа аудиожазба тыңдалды
Әйелін өлтірді деген күдікке ілінген экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев жедел жәрдем қызметкерімен арада болған әңгіменің аудиожазбасын тыңдап отырып, көзіне жас алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Egemen.kz жазады.
Аудиожазбадан жедел жәрдем қызметкерлерінің «жүрегі соғып тұр ма, тынысы бар ма?» деп сұрап жатқанын естуге болады.
Аудиожазбада мынадай диалог болды:
Жедел жәрдем дәрігері: Саусақтарыңызды трахея бойымен мойынға қойыңыз. Тынысы бар ма?
Байжанов:Жоқ. Сезбей тұрмын.
Жедел жәрдем дәрігері: Жедел жәрдем келгенше реанимациялық шараларды жүргізіңіз. Жатқан адамның жанынан кетпеңіз. Қолыңызды кеудеге тік қойыңыз, шынтағыңызды бүкпеңіз, 5 сантиметр тереңдікте 30 рет басыңыз. 30 рет санап, жүрек соғысын тексеріңіз.
Байжанов: Тынысы білінбейді.
Арғы беттен Бишімбаевтың: «Салта! Салта!» деп айқайлаған дауысы естіледі.