Биыл 1 млн адамды жұмысқа қалай орналастырады

11 қараша 2024 16:00 / Новости Казахстана
Фото: Астана қалалық жұмыспен қамту басқармасы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі биыл шамамен 1 млн адамды жұмысқа орналастыру міндеті қаншалықты орындалып жатқаны жайында түсінік берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Орталық және жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеттерінің бірі - жаңа жұмыс орындарын құру. Қазір жұмыс орындарын құру негізінен салалық тұжырымдамалар, Өңірлерді дамыту жоспарлары, инвестициялық жобалар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалар аясында іске асырылатын жобалар арқылы құрылады. Биыл бекітілген өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде 948 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланды. Осы уақытқа дейін 735 мың адам жұмысқа орналастырылды».

Оның ішінде тұжырымдамалар мен ұлттық жобалар аясында 51 мың адам, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары көмегімен 189 мың адам, тұрақты жұмыс орындарына 270 мың адам, шағын және орта бизнес кәсіпорындарына 225 мың адам жұмысқа орналастырылды.

«Аталған жоспар жыл соңына дейін орындалады деп жоспарланған», - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Серіктес жаңалықтары