Биыл 2000 шақырымнан астам су құбыры жөнделіп, жаңадан салынады
Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл су құбырын салу және реконструкция бойынша 28 жобаны іске асыра бастады. Бұл жұмыстың нәтижесінде 1,1 млн тұрғыны бар 426 елді мекенде ауыз сумен қамтамасыз ету сапасы жақсарады. Жаңадан салынатын және реконструкциядан өтетін топтық су құбырларының жалпы ұзындығы 2000 шақырымнан асады. Құрылыс жұмыстары еліміздің 9 өңірінде жүріп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Биыл Қазақстанда 96 гидротехникалық құрылыс жөнделеді. Жөндеу жұмыстары еліміздің он өңіріндегі нысандарда жүргізіледі, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Министрлік тасымалдау кезіндегі су шығынын 50%-дан 25%-ға дейін азайту арқылы 2030 жылға қарай суармалы жер аумағын 2,5 млн гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Қолда бар су ресурстарын 2,4 текше шақырымға арттырып, экономика салаларын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін жақсартуға, төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтуға ниетті.
Министрлік Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында 3500 шақырым суару желілерін цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Қызылорда облысында 2609 шақырым суару каналын автоматтандыру жоспарланып отыр.
17 нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлену үстінде.