БҚО-да анасын өлтірген жасөспірім 9 жылға сотталды

9 қазан 2024 14:00 / Новости Казахстана
Фото: freepik.com

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен анасын өлтіру дерегі бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты үкім шықты. Жасөспірімге ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес аса қатыгездікпен адам өлтірді деген айып тағылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Істің мән-жайын заң бойынша жария ету мүмкін болмағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын ниетпен өкінетінін айтты.

Үкімді шығару кезінде сотталушының кәмелетке толмағаны, мінез-құлқы, қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен жасаған қылмысының ауырлығы және шын ниетпен өкінуі ескерілді.

Сот заң талаптарын негізге ала отырып, оған ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Серіктес жаңалықтары