БҚО-да судья сотталып кетті

3 маусым 2025 20:05 / Новости Казахстана

БҚО-да 2024 жылы ұсталған Орал сотының төрағасы Руслан Жұмағұловқа қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қылмыстық іс Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотында қаралды. Айыпталушылар орындығында Руслан Жұмағұловпен бірге тағы бір айыпталушы - адвокат отырды.

Руслан Жұмағұловқа Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі – 190-бап 3-бөлім 2-тармағы ("Алаяқтыққа оқталу") бойынша айып тағылды. Екінші айыпталушыға қатысты іс 190-бап 2-бөлім 3-тармағы, 24-бап 3-бөлігі, 28-бап 4-бөлігі – 367-бап 2-бөлігі баптары бойынша қаралды.

Сот Руслан Жұмағұловты тағылған айып бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл 7 ай 15 күнге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім жарияланғанға дейін Жұмағұлов үйқамақта болды. Сот оны залда қамауға алуға қаулы шығарды.

Серіктес жаңалықтары