БҚО-да жол апатынан 2 адам көз жұмды
20 желтоқсан 2025 9:20 / Новости Казахстана
Самара – Шымкент тас жолының Барбастау ауылы маңында ВАЗ-2112 және Volkswagen Passat көліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан екі әйел қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Куәгерлердің айтуынша, апат салдарынан екі адам – шетелдік автокөлік жолаушысы мен ВАЗ көлігінің жүргізушісі болған жас қыз көз жұмды.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті апат фактісін растады.
Алдын ала мәлімет бойынша, ВАЗ-2112 жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, Volkswagen Passat көлігімен соқтығысқан. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері нақтылануда.
23 қазан 2026 18:30 / Новости Казахстана
Тоқаев Назарбаев туралы сөз қозғады
23 қазан 2026 16:20 / Новости Казахстана
Анасы байқамай қалған: Түркістан облысында сәби сырға жұтып қойған
23 қазан 2026 15:30 / Новости Казахстана
Тибеттегі жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты
23 қазан 2026 14:28 / Новости Казахстана
2027 жылдан бастап Қазақстандағы барлық балабақша лицензия алуға міндеттеледі
23 қазан 2026 13:28 / Новости Казахстана
Әкесі мен баласы 77 бас жылқы ұрлады деген күдікке ілінді
23 қазан 2026 12:15 / Новости Казахстана