Damumed-ке ақпарат енгізген: Алматыда жеке стоматологиялық клиника жалған ем жасаған
Алматыда жеке стоматологиялық клиникалардың директоры МӘМС жүйесі бойынша қызмет көрсету кезінде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arbat.Media.
ҚМА мәліметінше, жеке стоматологиялық клиникаларының директоры әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ-пен жалпы сомасы 450 млн теңгеден асатын медициналық қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасқан.
Шарт бойынша клиникалар МӘМС жүйесі шеңберінде азаматтарға шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсетуге тиіс болған.
Алайда күдікті медициналық ақпараттық «Damumed» жүйесіне қызмет көрсетілгені туралыжалған мәліметтер енгізген. Бірақ ешкімге медициналық қызмет көрсетілмеген. Заңсыз әрекеттерін заңғастыруға талпынған күдікті дәрігерлердің есептік жазбаларын, сондай-ақ клиникаларға бұрын жүгінген кәмелетке толмаған пациенттердің жеке деректерін рұқсатсыз пайдаланған.