Дарынды оқушылар «Болашақпен» шетелде оқытылуы мүмкін
«Болашақ» бағдарламасының үміткерлерін іріктеу талаптары өзгеруі мүмкін. «Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу үшін халықаралық, республикалық орындаушылар конкурстарының жеңімпаздарына жекелеген квота бекіту ұсынылады», - делінген қаулы жобасының түсініктемесінде, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ашық НҚА порталында жарияланған Үкіметтің қаулы жобасында айтылған.
Бұдан бөлек елдің ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында Split PhD бағдарламасын енгізу ұсынылады. Докторантура бағдарламасының бұл моделі екі серіктес жоо-ның базасында зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.
Қаулының толық жобасымен мына жерден танысуға болады.