Дастан Оразбеков Мейрамбек Беспаевтың вокалы туралы пікір білдірді

2 қыркүйек 2026 13:50 / Новости Казахстана

Танымал әнші Дастан Оразбеков өнердегі ағасы Мейрамбек Беспаевтың шығармашылығы мен ән орындау мәнеріне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Әнші сұхбат барысында Мейрамбек Беспаевтың ерекшелігі күрделі вокалдық техникасында емес, тыңдарман бірден танитын өзіндік дауысында екенін атап өтті.

«Мейрамбек Беспаев – ағам. Оның алып бара жатқан вокалдық техникасы жоқ. Бірақ адамның бойында әншілік қабілет болса, неге оны дамытпасқа? Менен де техникасы жоғары әншілер бар. Дегенмен кей әншінің өзіне тән үні болады. Мейрамбек ағаның қаруы – оның дауысы. Ол қоңыр үнді әнші», – деді Дастан Оразбеков.

Бұл пікір әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Желі қолданушыларының бір бөлігі әншінің сөзімен келіспесе, енді бірі Мейрамбек Беспаевтың басты ерекшелігі табиғи әрі қайталанбас дауысында екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары