Денсаулық сақтау министрі қызылшаның өршуіне байланысты үндеу жасады
Денсаулық сақтау министрі қызылшаның өршуіне байланысты үндеу жасады. Ақмарал Әлназарованың айтуынша, бұл «қарапайым балалар инфекциясы» емес, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Қызылша — асқынуы ауыр болуы мүмкін қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Ол пневмонияға, нерв жүйесінің зақымдануына және басқа да күрделі салдарға әкелуі мүмкін. Әсіресе, ерте жастағы балалар осал келеді», - деді министр.
ДСМ басшысы жұқпалы аурудан қорғанудың жалғыз жолы вакцинация деп отыр.
«Оның қауіпсіздігі мен тиімділігі көпжылдық тәжірибемен дәлелденген. Сіздерді дәлелді медицина қағидаттарына және мамандардың ұсынымдарына сүйенуге шақырамын. Балаңызға екпе жасату арқылы сіз тек өз балаңызды ғана емес, өзге балаларды да қорғайсыз. Балаларыңыздың денсаулығына қамқорлық жасаңыздар. Екпені уақытылы алыңыздар», - деді ол.