Димаш Құдайберген БҰҰ женевалық филиалының басшысымен кездесті
Димаш Құдайберген Женеваға барып, БҰҰ Женевалық филиалының басшысы Татьяна Валоваямен кездесті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы әнші өзінің Instagram нда жазды.
«Кеше, 6 қарашада таңғажайып Женева қаласына бардым. Онда мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевалық филиалының басшысы Татьяна Валоваямен кездестім. Кездесу барысында біз бірлескен жобалардың келешегін талқыладық. Сондай-ақ, белгілі тұлғалардың әмбебап адами құндылықтарды, бейбітшілік пен өзара түсіністік идеяларын ілгерілетуде ерекше рөл атқара алатынын атап өттік»,-деп жазды Димаш.
Ол Ұлттар сарайында болып, Женева кітапханасы мен БҰҰ мұрағаттарындағы өнер туындыларымен, тарихи құжаттармен және нысандармен танысқанын айтты.
Кейінірек Уилсон сарайында - БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі басқармасында және халықаралық көші-қон ұйымының штаб-пәтерінде кездесулер өткен.
«Сондай-ақ, Қазақстанның БҰҰ жанындағы Женевадағы Тұрақты өкілдігіне барып, қызметкерлермен және олардың отбасы мүшелерімен кездестім. Тұрақты өкіл Ерлан Әлімбаевпен кездесу барысында мен Женева алаңындағы Қазақстанның жұмыстарының басым бағыттарымен таныстым»,-дейді Димаш Құдайберген.