Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккендерге 15 млн теңге аударды
10 сәуір 2024 9:12 / Новости Казахстана
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмекке өз үлесін қосты. Ол «Демеу Қазақстан» қайырымдылық қорына 15 млн теңге көлемінде қаржылай көмек аударды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Бүгін Ақтөбеге әнші Димаш Құдайберген келіп, № 40 орта мектептегі эвакуациялық пунктке барды. Онда тұрғындармен кездесті.
Сонымен бірге гуманитарлық көмек орталығындағы жұмыспен танысты. Мұнда еріктілер күні-түні жұмыс істеп жүр.
Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ләззат Оразбаева әсіресе ГАЗель жүргізушілерінің осындай қысылтаяң кезде жасаған көмегі жайында әңгімелеп берді.
Олар күнделікті аудан-ауданға гуманитарлық көмекті тегін тасымалдайды.
9 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Мұнай өнімдерін экспорттауға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды
9 қараша 2026 18:16 / Новости Казахстана
Роботтар жұмысқа шықты: автоматтандырудың жаңа толқынынан кім табыс табады?
9 қараша 2026 17:28 / Новости Казахстана
Түркістанда аудан орталығындағы балалар алаңында екі әйел төбелесті
9 қараша 2026 16:07 / Новости Казахстана
Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды: полиция не дейді?
9 қараша 2026 15:35 / Новости Казахстана
Интернет-казиноларға 191 млрд теңге аударылған
9 қараша 2026 13:31 / Новости Казахстана