«Дін ұлттық мұрамызға тигізеді» - депутат Ермұрат Бәпи

2 сәуір 2026 10:22 / Новости Казахстана

Депутат Ермұрат Бәпи әлеуметтік желіде дін туралы ақпараттың тарауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Әсіресе, онлайн ортада, Қазақстанның интернет ресурсының сегментінде осындай діни тақырыптардың қайтадан бір толқыны пайда болды. Бұл - өте қауіпті жағдай. Бұл жағдай біздің елдік мәселемізге, біздің ұлттық мұрамызға, мыңжылдық салт-дәстүрімізге залалын тигізеді. Біздің қазақтық бірегейлігімізге зиянын тигізетін мәселе. Сондықтан оған бей-жай қарап, үндемей қалуға болмайды. Оған депутаттар да, мемлекеттік органдар да реакция жасауы керек. Себебі бұл біздің мемлекеттік тәуелсіздігіміздің мәселесі. Ертеңгі күні сырттан келген діни ағымдар біздің қоғамның ішінде жарықшақ салып, азаматтардың арасында толқу тудырып, оны бөлшектеп жататын болса, неге оған бей-жай қарап отыруымыз керек?», - деді депутат.

Серіктес жаңалықтары